Әйтенов: Шымкентке мегаполис статусын беру - қаланың жаңа тынысын ашты

«Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты»,- деген Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов үш жылдың даму көрсеткіштерін баяндады.

Шымкент, NEGE. Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты. Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден биыл 481,6 млрд.теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңге болады деп күтілуде.

3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды