Аиша Бүркіттің бетінен салып қалды (видео)

Эстрада сахнасындағы жұлдызды жұп алдағы қараша айында өтетін жеке кештеріне қызу дайынық үстінде көрінеді.

Алматы, NEGE. Қос өнер иесі биыл Республика сарайында бермек концерттеріне жарнама жасаудың жаңа түрін тапқан. Онда әдеттегідей әдемі ән сахнасын көрсетіп, қалаберді қатысатын қонақтардың есімін тізбектемей, көпшілікті көңіл көтерерлік бейнежазбамен шақырған.

 Өнерлі жұптың  инстаграм желісіндегі парақшаларына жүктеген бейнетаспасынан олардың  концертке дайындық жүргізіп отырғанын аңғаруға болады. Әсерлі әнге берілгені сонша, Аиша тіпті қасында отырған Бүркіттің бетінен салып қалады.

Мұны көрген жұрт «Ой, күлкіден өлдім, жүз рет көрдім-ау деймін», «Бүркіт, әйеліңнен қанша рет таяқ жеп жатырсың?», «Оңбай кетейін әртіссің, Айбек», «Мынадай дайындықпен керемет кеш болайын деп тұр!», «Сізге тиген шапалақтың дауысы маған естілді ғой. Аман болыңыздар!» – деп жазды.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті