Айсәуле Бақытбек қыз босанды

Айсәуле Бақытбек тұңғышын босанды. Сүйінші хабарды алғаш рет әже атанған Баян Алагөзова жеткізді.

Алматы, NEGE. Айсәуле қызды болды. «Бүгінгі түн ұзақ болды. Менің қызым ана атанды. Бізде сұлу қыз дүниеге келді. Анасы да, қызы да өздерін жақсы сезінуде. Біз бақыттымыз», – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Әріптестері мен желідегі оқырмандары жас әжені жарыса құттықтады. Ал Айсәуленің өзі күні кеше жүктіліктің 42-ші аптасында жүргенін айтып, тезірек босану үшін елден кеңес сұрады. «Түйе ұқсап жүрмін» деп қалжыңдады өзі. Желі қолданушыларының бірі оған түйенің суретін салып, одан бірнеше мәрте аттауға кеңес берген. Оған Айсәуле: «Түйенің суреті туралы жазған осымен екінші адамсыз. Бүгін-ертең босанбасам, түйені іске қосамын», –  деп жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды