Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы тағайындалды 

Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген өкімде.