Air China Астанаға алғашқы рейсті орындады

'Бүгін түнде 'Air China' алғашқы рейсті орындады. Қазақстан астанасына 60 жолаушы келіп, 21 адам кері ұшып кетті', - деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов

, деп хабарлайды Караван.

Айта кетері, Қытай әуе компаниясы 21 сәуірден бастап Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен тікелей жолаушылар рейсін қайта бастады.

Рейстер аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.