Air Astana: Ресейге ұшатын барлық рейс тоқтады

Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейсті тоқтатты.

Алматы, NEGE. «Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтатады», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Қазіргі уақытта Министрлік рейстерді жедел қалпына келтіру үшін мүдделі тараптармен осы мәселелерді шұғыл түрде «Эйр Астана» әуекомпаниясымен бірлесіп шешуде.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары авиабилетті сатып алу орны бойынша авиабилет құнын толық қайтаруды ресімдей алады.