Air Astana өзіне салынған 6,7 млрд теңге айыппұлға қатысты пікір білдірді

Air Astana компаниясы жанармайға қосымша алым алу және айыппұл төлеуге қатысты ақпаратқа түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Air Astana нарықтағы үстемділікті теріс пайдалану және бағаны негізсіз көтеру салдарынан авиакомпанияға айыппұл салынды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Air Astana әуекомпаниясы құрылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет етіп келеді. Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысында авиакомпанияда жүргізілген тексерулер мен тергеулер әуе тасымалдаушының жұмысында ешқандай бұзушылық анықтаған жоқ. Жанар-жағармайға алым алу «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 76-бабында қарастырылған және ол Қазақстандағы жанар-жағармай бағасының құбылмалылығымен негізделген.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс сот қарауында жатыр. Сәйкесінше, заңнаманың бұзылғаны және авкиакомпанияның айыппұл төлегені туралы алдын ала қорытынды жасау сотқа қысым жасау ретінде бағалануы ықтимал.

Авиакомпания өзінің бюджеттік бөлімшесін дербес заңды тұлға ретінде бөліп шығаруы мәселесіне келсек, Air Astana мұның 2024 жылға дейін мүмкін болмайтынын растайды», - делінген компания мәлімдемесінде.