Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

Air Astana ұлттық тасымалдаушы компаниясы  15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алматыдан Батумиге тұрақты рейстер орындайды.

Алматы, NEGE. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырылады. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC 169 рейсі Алматыдан сағат 12:00-де ұшып, Батуми қаласына 14:30-да келеді. КС 170 кері рейсі Батумиден 15:30-да ұшып, Алматыға 21:35-те келеді. Сенбіде Алматыдан рейс 09:30-да ұшып, Батумиге 12:00-де келеді. Кері рейс Батуми қаласынан 13:00-де ұшып, Алматыға 19:05-те келеді. Алматы-Батуми рейсінің ұзақтығы - 4 сағат 30 минут, ал Батуми-Алматы рейсінің ұзақтығы - 4 сағат 5 минут.

Барлық салықтарды қоса алғанда, барып қайту билеттерінің бағасы эконом-класта 131 000 теңгеден, бизнес-класта 285 035 теңгеден басталады. Грузияға сапар жоспарлаған жолаушылар материал алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде жарамды теріс нәтижесі бар ПТР сертификатын ұсынуға міндетті. Коронавируска қарсы толық курсын (екі доза) вакцинасын алған жолаушылар Грузияға ПТР тестсіз кіре алады. 

Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда, Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, коронавирустың жоғын растайтын жарамды ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанның шекарасын өтуге дейінгі 3 күн ішінде берілуі қажет.

Қазір оқып жатыр

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды