Air Astana жолаушылар ұшағы Баку әуежайына қонуға мәжбүр болды

Оқыс оқиға 2025 жылдың 24 наурызына қараған түні болды.

zakon.kz

Алматы, NEGE. Air Astana әуе компаниясының ұшағы Бакудегі "Гейдар Әлиев" атындағы халықаралық әуежайға қонуға мәжбүр болды.

Оқыс оқиға 2025 жылдың 24 наурызына қараған түні болды. Тбилиси – Алматы бағыты бойынша рейс көкке көтерілді.

"Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағының капитаны Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қонуды сұрады. Мұның себебі - борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00.25-те сәтті қонды", – деп жазады oxu.az Әзірбайжан порталы.

  Жолаушыға оқиға орнында көмек көрсетіліп, кейіннен ол шұғыл ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Air Astana әуе компаниясының шешімі бойынша осылайша рейс өз уақытынан кешіктірілді. Қалған жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. 

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді