Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Көлік министрлігі Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларынан авиаотынға қатысты бұзушылықтар анықтады. 

airastana.com

Астана, NEGE. Әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру кезінде екі ірі әуекомпания авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны анықталған.

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес аталған әуекомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК (432 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін авиаотын бағасын көтергені үшін Семей халықаралық әуежайына 8,8 млн теңге айыппұл салынған еді.

 

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды