Air Astana ұшақтары Иран әуе кеңістігін айналып ұшады

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты мәлімдеме жасады.

freepik.com

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігі арқылы ұшпайды.

«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.

Air Astana жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр», – делінген хабарламада.

Кестеге өзгеріс енгізілгендіктен, компания өкілдері жолаушыларға рейстері туралы мәліметті алдын ала тексеріп алуға кеңес берді.

Ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы нақтылауға болады:
Брондау және ақпарат орталығы: 7 (727) 244 44 77, 7 702 702 44 77
Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: 7 (727) 244 44 78
WhatsApp: 7 702 702 00 74.

Қазір оқып жатыр

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

ҰҚК: Астанада және бірнеше қалада «автоЦОН» басшылары 100 млн теңге пара алған

Депутаттар портреті. Геннадий Шиповских. «Сары бала»