Air Astana ұшағы дәретханалардағы ақауға байланысты әуежайға қайта оралды

Рейс әуедегі төрт сағаттан кейін кері қайтуға мәжбүр болған.

gov.kz

Астана, NEGE. 26 желтоқсанда Фукуок – Алматы бағытындағы KC 162 рейсі техникалық ақауға байланысты (ұшақтағы барлық дәретхананың істен шығуына байланысты) ұшып шыққан әуежайына кері қайтты.

«Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:04-те ұшып, 14:14-те қонды. Қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады әуекомпания өкілдері.

Рейстің ұшуы 27 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-ге шегерілген.

Компания өкілдері жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар берілгенін, қазіргі уақытта трансфер мен қонақүйге орналастыру мәселелері реттеліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Air Astana өкілдері рейстің кешігуіне байланысты жолаушылардан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?