Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл түрде қонды

Air Astana ұшағы салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал жариялап, Алматыға шұғыл түрде қонды.

airastana.com

Астана. NEGE. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, оқыс жағдай 17 желтоқсан күні Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау кезінде болған. Air Astana әуе компаниясының Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінің экипажы салоннан түтін шығуына байланысты MAYDAY апаттық сигналын жариялаған.

Апаттық сигнал Астана уақытымен сағат 07:38-де берілген. Ұшақ сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері оқыс жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады