Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды

8 мамыр күні Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды.

Air Astana

Астана, NEGE. Тасымалдаушының мәліметінше, әуе кемесі Астанадан сағат 08:54-те ұшып, техникалық себептерге байланысты 11:34-те Ақтөбеге қонған. Экипаж қауіпсіздік талаптарына сәйкес қону туралы шешім қабылдаған, ұшақ штаттық режимде қонды.

Жолаушыларды ары қарай тасымалдау үшін әуе компаниясы Алматыдан қосалқы ұшақ жіберді. Ақтөбеден ұшып шығу уақыты 14:20-ға жоспарланған.

Air Astana компаниясы шұғыл қонуға нақты қандай техникалық ақау себеп болғанын нақтылаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ата-аналар елімізде эпилепсияға қарсы дәрі тапшы деп шағымдануда

Тоқаев Алатау қаласы туралы Конституциялық заңға қол қойды

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам санавиациямен Астанаға жеткізілмек

Үкімет ERG-дегі үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ