Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізді

Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді.

polet.me

Алматы, NEGE. «Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты