Air Astana Астанадан Данангқа тікелей рейс ашты

2024 жылғы 14 мамырда Air Astana Астана мен Вьетнамның Дананг қаласы арасындағы алғашқы тікелей рейсті ұшырды.

Air Astana

Алматы, NEGE. А321LR әуе кемесі Астананың халықаралық әуежайынан сағат 22:55-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 08:25-те Дананг халықаралық әуежайына қонды.

Данангқа тікелей рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады.

Жаз маусымына арналған ұшу кестесі аясында Air Astana әуе компаниясы Вьетнам бағытындағы рейстер санын арттырды.

Қазіргі уақытта Нячанг қаласына рейстер аптасына төрт рет Алматыдан және үш рет Астанадан ұшып жатыр. Дананг бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет Астанадан, ал 2025 жылғы 4 маусымнан бастап бұл бағыт бойынша Алматыдан да аптасына екі рейс ұшырылады. Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?