Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Алматы – Токио – Алматы бағытындағы тікелей әуе рейстері 30 қарашадан бастап қатынай бастайды.

Air Astana/telegram.org

Астана, NEGE. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады. Тұрақты рейстер Airbus A321LR әуе кемесімен аптасына екі рет Нарита халықаралық әуежайына ұшады.

Алматыдан шыққан жолаушылар Токиоға 7 сағат 30 минутта жетсе, ал Алматыға қайтатын рейс 9 сағат 25 минутқа созылады.

Эконом-класпен барып-қайтатын билетінің бағасы 350 552 теңгеден, ал бизнес-класс билеттері 1 398 918 теңгеден басталады.

Билеттерді Air Astana сайтынан және мобильді қосымшасынан алуға болады.

Компания өкілдері Қазақстан азаматтарына Жапонияға бару үшін виза қажет екенін еске салады.