Air Astana Алматы — Дели — Алматы бағытында ұшатын жолаушыларға үндеу жасады

Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін және Алматы – Мумбаи – Алматы бағыты бойынша KC 291/292 рейстерін тоқтатуға мәжбүр.

Pixabay

Алматы, NEGE. Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушыларға билеттердің толық құны қайтарылады.

«Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда. Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар ететін боламыз», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін