Айнұр Тұрсынбаева туған анасын көпшілікке көрсетті
Айнұр Тұрсынбаева алғаш рет көпшілікке туған анасын көрсетті.
Алматы, NEGE. Ол анасы туралы өз парақшасында әсерлі жазба қалдырған.
Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетіп кетті. Бүгін Аллахтың қалауымен анамыз 63 жасқа толып жатыр..Аллах бұл кісіні сүйеді.. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр. 11 немересінің сүйікті әжесі. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын...Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес..Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс. Лайым, аналарымыз аман жүрсін", - деп жазды айтыскер парақшасында.