Айнұр Тұрсынбаева әже болатынын айтты

Өткен жылдың қыркүйек айында Түркияның төрінде тойы өткен

айтыскердің ұлы Беклан мен Мәдина тұңғыш сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Алматы,NEGE. “Жастар Беклан мен Мәдина “gender party” жасайық деп… Қуаныш сыйлайтын сәттер көбейсін. Әрбір шаңырақта осындай жақсы жаңалықтар болсын. Құттықтауларыңызға рахмет! Жұғысты болсыншы”, – деп жазды айтыскер ақын.

Көпшілік алдында болашақ сәбиінің жынысын жария еткен жас жұбайлар жақын арада ұлды болатынын білді.

Өнердегі әріптестері мен оқырмандары айтыскерді қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.

 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?