Айман Омарова: ҰҚК тергеуден шеттетілуі керек

Белгілі адвокат Айман Омарова бүлікті ұйымдастырғандар президенттің беделін түсіргісі келгенін, олардың бұған екі жыл дайындалғанын айтты.

Алматы, NEGE. «Бүлікті ұйымдастырушылар президенттің қоғам алдындағы беделін төмендетуді ойлаған. Олар қанды қаңтарға соңғы екі жыл дайындалған», – дейді адвокат.

А.Омарованың сөзінше, ҰҚК басшылығы мен қызметкерлерінде шексіз билік болған және олар өзге құқық қорғау органдарының, тіпті прокуратура мен соттың да үстінен қараған.

«Не себепті Мәсімов пен ҰҚК-нің өзге басшылары қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы ретінде аталмай отыр? Тәртіпсіздікті арнайы дайындықтан өткендер ұйымдастырған. Олар жәй адамдар емес, арнайы қызмет өкілдері, криминалитет. Қаңтар оқиғасын тергеуден ҰҚК шеттетілуі керек», – деп есептейді А.Омарова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды