Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. ​Облыс әкімі онлайн түрде өткен кезекті қабылдауында өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдары бар оннан астам тұрғынмен байланысқа шықты. Азаматтардың басты көтерген мәселелері баспанамен қамту, одан кейін тұрғын-үй сапасы мен ​медицина саласына қатысты болды.​ ​

​Жауапты сала басшылары баспанамен қамтудың заңдылықтарын​ жан-жақты түсіндірсе, өзге сала жетекшілері тиісті сауалдарға толымды жауап берді.​

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтардың өтініш-талаптарын ​ жауапты сала басшыларына жан-жақты қарауды тапсырып, көтерілген мәселелер шешім тапқанша өз бақылауында болатынын жеткізді. Сосын ​ халықтан түскен сауалдарға барынша шұғыл жауап беріліп сондай-ақ оларды заң шеңберінде шешудің басты міндет екенін ерекше ескертті.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған