Аймағамбетов Тараз университетінің жаңа ректорын таныстырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жаңа ректорын ұжымға таныстырды.

Алматы, NEGE. Асхат Аймағамбетов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Оның барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесуге Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ұжымға университеттің жаңа ректоры Талғат Ешенқұловты таныстырды. Министр Талғат Ешенқұловтың білім беру саласындағы мол тәжірибесін ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттемелерді ұжыммен бірге ойдағыдай орындайтынына сенім білдірді.

Сондай-ақ бұған дейін университет ректоры қызметін атқарған Махметғали Сарыбековке жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, оның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр