16 августа 2022 г. 14:19

Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты

Фото:

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласына мектеп формасына қанша ақша төлегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Нақты соманы айту үшін министр банк аударымын тексерді.

- Осы демалыста біз дүкенге бардық. Онда ақ көйлек, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, шамамен 35 мың теңге жұмсадық. Біз де басқалар сияқты кезекке тұрдық. Барлық отбасы сияқты біз де мектепке дайындала бастадық, - Асхат Аймағамбетов

Еске сала кетейік, министрлік бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы шешім қабылдаған еді. Алайда 9 тамызда жаңа оқу жылында формаға қойылатын талаптар өзгеріссіз қалатыны хабарланды.

Тегтер: