1 февраля 2020 г. 9:00

Айқын Төлепберген тырнақалды туындысын таспалап үлгерді

Фото:

Өткен жылдың қараша айында кино саласында бағын сынаған әнші Айқын Төлепберген тырнақалды туындысының түсірілім жұмыстарын аяқтады.

Алматы, NEGE. Комедия жанрында түсірілген  толықметражды кинокартина  «Операция гүлдер» деп аталады. Фильмде басты рөлдерді жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали сомдады.

«Мен гүл сататын жігітпін. Жұлдыз менің жүріп жүрген қызым. Комедияда біздің  тарихымыз баяндалады. Негізі түсірілім жұмыстары бір ай бұрын басталу керек болатын. Сценарийдің аяқталмауы себебінен біраз аялдап қалдық»,- деген әнші фильмдегі рөлі үшін біраз тер төгіп, тіпті арнайы актерлік білім де алған. Айқынның  алғаш рет қолға алған  кинокартинасының режиссері Дархан Саркенов.  Саркенов жуырда үлкен экранға шыққан Нұрлан Қоянбаевтың «My love is Aйсұлу» фильмімен қатар қос туындыны бір уақытта түсірген.
Комедиялық жанрда таспаланған  фильм үлкен экранға сәуір айында шығады деп жоспарланып отыр.

Тегтер: