Айгүл Иманбаеваның жаңа образы жұрттың талқысына түсті

Өнер иесі инстаграм парақшасына жаңа фотосессиясынан сурет жүктеген.

Алматы, NEGE. Алматы мен астананың арасында ат ізін суытпай жүретін актрисаның бұл жолғы образы бұрынғыларынан өзгерек. Келте көйлек пен көрікті шляпаны үйлестірген Иманбаеваның келбетіне баға берушілер көп. Мысалы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы: «Мәә саған!» – деп таңданысын жеткізсе, әнші Жазира Байырбекова да: «Уааау!» – деп эмоциясын жасыра алмаған. Өнер иесінің парақшасындағы өзге оқырмандары оның 45 жасқа бергісіз мінсіз мүсінге ие екенін жазса, арасында өз жасына сай киінбеді дегенді айтып, сөккендер де бар.  

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ