Әйгілі «Құсни-Қорлан» әнінің бірден 18 нұсқасы бір видеоға жиналды

Естай Беркімбайұлының көпке әйгілі «Құсни-Қорлан» әнінің бірден 18 нұсқасы бір видеоға жиналды. Роликті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі әзірледі. Қазақ ақыны, әнші және композитор – осы өңірдің тумасы.

«Естай мен Қорланның махаббат тарихы жанды тебірентіп, таң қалдырады – бей-жай қалдырмайды... Оған немқұрайлы қарайтындардың табылуы екіталай. Қарапайым ақын мен би қызы нәзім сезімдерін жасыруға мәжбүр еді. Алайда махаббат пен өнердің құдіретті күшінен «Құсни-Корлан» әні пайда болды.

«Арада 100 жыл өтсе де, әнді ешбір қазақ ұмытқан жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын түрленіп, ғажайып «бояуларға» боялып келеді. Тіпті оның дәстүрлі ән екеніне сенбей де қаласың!», – деп жазды баспасөз қызметі өзінің Instagram-аккаунтында.

Қазіргі кезде «Құсни-Қорлан» әнін опералық әншілерден бастап эксперименттік топтарға дейін әр түрлі бағыттағы музыканттар орындап жүр.

«Құсни-Қорлан» жаңаша айтылғанымен, шынайылығынан айырылған жоқ. Бір бейнебаянда әннің 18 нұсқасын жинап, «Әннің осыншама танымалдылығының құдіреті неде?» Осы сауалды біз павлодарлық өнертанушыға қойып едік», – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желідегі пост 21 наурыз күні Павлодарда Естай ескерткішінің ашылу салтанатына орайластырылған. Өңірдің белгілі тумасына ескерткіш мәдениет сарайының жанында орнатылады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?