Әйгілі чемпион бокстың қатері жайлы айтты

Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри боксқа оралу туралы сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Көбі айтады: "Тағы бір айқас, екеу" деп. Бірақ мүгедектер арбасына таңылып, былай десем: "Менің әлі төрт жекпе-жегім бар еді, жігіттер, менің миым зақымданды"? Өйткені менің басымнан ірі жігіттер ұрады. Жетер енді, бұдан былай жұдырықтасқым келмейді", - деп береді Фьюридің сөзін журнлист Майкл Бенсон әлеуметтік желіде. 

Еске салайық, Фьюри 24 сәуір Лондонда отандасы Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын.