Айға алып ұшатын ару іздеп жатыр

Юсаку Маэзава

дейтін 44 жасар жапондық миллиардер өзімен бірге айға сапарлас боп бірге ұшатын бойжеткенді іздеп жатыр. 2023 жылы айға «ғарыштық турист» ұшыруды жоспарлап отырған Элон Масктің Space X компаниясы.

Алматы, NEGE. 27 жастағы Аяме Горики атты актриса қалыңдығымен байланысы үзілгеннен кейін, Маэзава өзінің Twitter парақшасында әлем аруларын айға бірге ұшуға шақырып, «бір ғана сұлуды сүйетіндігін» ғарыш көгінен айғайлап айтуды жөн санапты. Қаңтардың 17 жұлдызына шейін ұсыныс қабылдайтын твитімен бөліскен 100 адамның біріне 100 млн иен (925 000$) төлеуді де уәде еткен.

Ғаламтор арқылы сәнді киімдер сатуды жолға қойған Юсаку Маэзава Zozo Inc интернет-дүкені арқылы 3 млрд доллар табыс тапқан миллиардар. Ол Space X компаниясының кемесімен айды айналып ұшу үшін неше ақша төлегенін айтпай отыр. Элон Масктің меңзеуінше өте көп қаржы төлеген көрінеді.

Қазір оқып жатыр

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады