18 сентября 2021 г. 11:17
«Әйеліңіз көңілдесіңізді біліп алады»: Шымкенттің бас дәрігері ерлерге кеңес берді
Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Пазылов ер адамдарды ерекше жолмен коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.
Алматы, NEGE. «Сізді реанимацияға жатқызғанда, заттарыңыз бен телефоныңыз әйеліңізге тапсырылады, ол сіздің барлық көңілдесіңізді біліп алады. Сондықтан, құпияңыз ашылмас үшін вакцина алыңыз», – деп жазды дәрігер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұл жазбасы бір күн бұрын жарияланған. Бірақ кейін ол жазбаны өшіріп тастады. Дегенмен, қолданушылар жазбаны түсіріп алып, қалалық чаттарға таратқан.