Әйелін ұрып өлтірген павлодарлық қамалды

Баянауыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелі есінен танып қалғанша ұрып, оған көптеген дене жарақатын салған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 тамыз күні болған.

«Аяусыз соққының салдарынан әйел жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106 - бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары қазіргі таңда күдіктінің ұсталғанын, оның Баянауыл ауданындағы уақытша ұстау изоляторында қамауға алынғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді