3 мая 2023 г. 11:49

Әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасы бойынша ипотекаға өтініш қабылдау басталады

Фото:

10 мамыр күні «Отбасы банк» «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдай бастайды.

Алматы, NEGE. «Ұмай» бағдарламасы екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған. Биыл біз «АДБ»-мен бірлесіп, «Ұмай» бағдарламасына табысы 200 000 теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алады деп шештік. Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15% бастапқы жарнамен несие алады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20%-ға жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

«АДБ» шарттарына сәйкес Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарланып отыр. Несиенің 60%-ы облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына берілмек. Мақсат – өңірлердегі әйелдерді қолдау және несиелеуде диспропорцияны болдырмау.

Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биыл – 14,4% (ЖТСМ – 15,4% бастап), кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ – 3,6% бастап) төмендетіледі.

Қарыз алу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады. Сондай-ақ, «Ұмай» бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.

Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал, отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.

Тегтер: