Әйелдерге арналған ипотека қашан іске қосылады?

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев әйелдерге арналған ипотека қашан іске қосылатынын айтты.

Алматы, NEGE.  «Әйелдер ипотекасы» бағдарламасы осы жылдың басында іске қосылуы тиіс болатын. Алайда, пандемияға баланысты кейінге шегерілді. Бұл мәселе пысықталып жатыр. Жақын арада оны жария етеміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылатындығын айтқан еді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тағы бір жобаны іске қосты. Оны 2020 жылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл «тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда гендерлік теңдікті қолдау жөніндегі жоба» немесе «әйелдер ипотекасы» деп аталады. Жобаны Азия даму банкі 38 миллиард теңге көлемінде қаржыландырады», – деген еді ол.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған