Әйелдер көп қылмыс жасаған

Алаяқтардан айла-шарғы артылған ба? Әлеуметтік желі арқылы жұрттың сеніміне кірген қызылордалық тұрғын «Whats App» арқылы салымшыларды тақырға отырғызып кетті.

Алматы, NEGE. Ол жалған жобаларды жарнамалап тұрғындарға үстемеақы ала-алатындай сенімге енген. Яғни, салымы арқылы үстінен 60 пайыз табыс табамыз, деген азаматтар жиғандарын жалған жобаның есеп-шотына аударып жіберген. 

Заңға қайшы ісі анықталған алаяқ ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, қалалық сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Биылғы жылы мұндай ғаламтор алаяқтығының 189 дерегі анықталған.

Келесі кейіпкер жұмыссыз жандарды Атыраудағы мұнай компанияларына жұмысқа тұрғызамын деп алдаған. Осылайша, «Теңіз-Шевройл» ЖШС-да жұмыс бар, деген оған бірнеше азамат үш жарым миллионға жуық қаржыларын қолына ұстатқан.

«Оның жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3 454 200 тенгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны тұтқындалып, кінәсін толығымен мойындады. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің дерегінде, жыл басынан бері алаяқтықпен тұтылған 242 қылмыскердің 160 нәзік жандылар көрінеді.

Нұрбек Дәуренбеков

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?