Әйелдер эротикалық романдарды не үшін көп оқиды?
Соңғы 10 жылда осы жанр әлемде кеңінен таралып келеді. Оқырмандарының дені – әйелдер.
Алматы, NEGE. Неміс ғалымдары әйелдер неге эротикалық романдарды жиі сатып алып, оқи береді деген сауалға жауап іздепті. Ғалымдардың зерттеуі қорытындысы бойынша, олар сексуальды әсер алу үшін оқымайды екен. Сауалнама қорытындысы бойынша, бұл жанрды бұрымдылар «феминистік және прогрессивті» деп атаған.
Макс Планк атындағы Эмприкалық эстетика институтының ғалымдарының айтуынша, 2011 жылы эротикалық романдарға қызығушылық бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін артқан. 1984 жылғы зерттеулерде «бұл әйелдер қауымы үшін сексуалды серпін беретін әлеуметтік тұрғыдан қолайлы порнографияның түрі» деп көрсетілген болатын. Ал қазіргі дәуірде мүлде басқаша болып шыққан.
Дейтұрғанмен, сауалнамаға қатысқан әйелдер бұл романдарды көңіл көтеру үшін ғана оқитындарын айтқан. Оларға осы жанр жеңілдік әрі демалыс сыйлайды екен.
Бұқаралық ақпарат құралдары заманауи эротиканы әдеби құндылығы төмен жанр ретінде жиі сынайды. Сыншылар мен ғалымдар мұның оқырмандарын қарабайыр әрі талғамсыз деп сөгіп жүр.