Әйел мен оның екі баласын айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды
Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.
Оқиға Ащыбұлақ ауылында болған еді. Өртенген үйден әйел адам мен оның екі баласының мәйіті табылған.