Айдос Үкібай: Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Алматы, NEGE. Операция сәтті аяқталған. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ота Ұлттық кардиохирургия орталығында танымал кардиохирург Ю.Пядің жетекшілігімен жасалды», - деді Айдос Үкібай.