Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы туралы айтты

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы айтты.

Алматы, NEGE. «Осы күндері БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді және дәрігерлердің айтқан кеңесін ұстанып, оқшаулану режимін сақтауда», - деп жазды Айдос Үкібай twitter парақшасында.

Сондай-ақ ол Елбасының Мәскеуде өткен Жеңіс парадының тікелей көрсетілімін тамашалағанын айтып өтті. «Өкінішке орай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда Елбасы парадтың тікелей көрсетілімін тамашалады», - деді. Осы категория бойынша: « ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. 

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған