Айдос Сарым тағы қызметке тағайындалды

Партия баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары жаңадан құрылған 14 кеңестің жаңа төрағаларымен онлайн-форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

.

Алматы, NEGE.  Саяси кеңес бюросының шешімімен аталған кеңестерге Парламент Мәжілісіндегі фракцияның келесі депутаттары тағайындалды: азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқаруды дамыту бойынша – Айдос Сарым, білім мен ғылым – Жұлдыз Сүлейменова, аграрлық сектор – Берік Оспанов, экономика және кәсіпкерлікті қолдау – Аманжан Жамалов, өңірлік даму – Юлия Кучинская. Жастарды қолдау бойынша – Мәди Ахметов, жұмыспен қамту мен халықтың әлеуметтік осал топтары жөніндегі қоғамдық кеңеске – Елнұр Бейсенбаев төраға болды. Ұлт денсаулығы бойынша – Лариса Павловец, ал отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңеске – Динара Зәкиева басшылық жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңеске, «Miras», Экологиялық және Құқықтық кеңестерге тиісінше Ерлан Саиров, Жанарбек Әшімжанов, Елдос Абақанов және Қанат Мусин жетекшілік етеді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін