Айдос Сарым депутаттық мандатынан айырыла ма?

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевты «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутаттық мандатынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Оrda.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналистерге берген сұхбатында айтты.

– Өкінішке қарай, ол бейнежазбаны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысқан болатын.