Айдос Ербосынұлына қатысты командасы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды, қазіргі таңда ол тіпті өз бетінше қозғала да алады екен. Бұл туралы Адостың ісін жүргізетін Suleimen Promotions компаниясы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Бүгінгі таңда боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады, психикасы да жақсы күйде. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап беруде. Мамандардың сөзінше, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, отанына қайтуға мүмкіндік туатын сияқты. Сонымен бірге, Айдостың жұбайы да АҚШ-қа келді және оның қасында. Әрине, бұл ол үшін үлкен демеу", - дейді промоутерлік компания өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды