Айдос Ербосынұлы жанкүйерлеріне үндеу жолдады

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққанан кейін әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Алматы, NEGE. Видеоны Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы жариялады. 

6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта дивизиондағы жекпе-жекте WBA титулы сарапқа салынған еді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдосты шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Оны "миына қан кету" диагнозымен жасанды түрде комаға түсіріп, операция жасаған еді.