Айдос Ербосынұлы WBO рейтингіндегі орнын сақтады

WBO рейтингісі бойынша отандастарымыз алдыңғы орында.

Алматы, NEGE. Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды.

Қазақстан кәсіби бокс федерациясының мәліметінше, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) 31 желтоқсанда өз рейтингін жаңартқан. Онда екі қазақстандық бар. Екінші орта салмақтағы екінші орын Айдос Ербосынұлына тиесілі.

Ол 21 желтоқсанда венесуэлалық Омар Гарсияны нокаутпен жеңіп, WBA International, WBO Global және WBC Asia титулдарын қорғады. Бұл дивизиондағы оныншы орынға Талдықорғанның тумасы Анатолий Муратов жайғасқан. Германиялық боксшы WBA тізімінде Қазақстан өкілі ретінде көрсетілген.

Жартылай орта салмақтағы WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian титулдарының иесі Нұрсұлтан Жаңабаев алтыншы орыннан жетінші орынға сырғыды.

Ол желтоқсан айында жарақатына байланысты жекпе-жегін кейінге қалдырған.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен