Айдос Ербосынұлы IBF рейтингінде үздік бестікке енді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтинг ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді.

Рейтингтің алғашқы екі орны бос тұр, үшінші орынға ресейлік Евгений Шведенко жайғасқан. Бұл деңгейдегі IBF әлем чемпионы – АҚШ өкілі Калеб Плант.

Еске салайық, 12 қыркүйекте Ербосынұлы Нұр-Сұлтанда гайаналық Леннокс Алленмен іріктеу жекпе-жегін өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша ол екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы титулына міндетті үміткер болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады