Айдарбекова: Қайрат Нұртасқа қастандық жасағысы келді (видео)

Қайрат Нұртас еліміздегі хитмен әншінің бірі. Оның қатысуымен өткен кез-келген кеш бос орынмен өткен емес. Әндері халық арасында жоғары сұранысқа ие болған өнер өкілінің аяғынан шалмақ болғандар да баршылық.

Алматы, NEGE. Осыдан бірнеше ай бұрын Шымкенттегі салтанатты шараның бірінде өнер көрсеткен Қайрат Нұртастың жанды дауыста ән айтып жүрген бейнесюжеті әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен еді. Сол жайттан соң көрермендердің пікірі екіге бөленді. Бірі Қайратты тек фонограммамен өнер көрсетіп үйреніп қалған деп сынаса, көпшілік мұны көре алмайтын жандардың ісі деп пайымдады. Ал әншінің анасы продюсер Гүлзира Айдарбекова бейнесюжетке байланысты алып қашпа әңгімеге нүкте қойды. Танымал продюсердің айтуынша, Қайрат Нұртастың атын қараламақ болып, өнерін жоққа шығаруды көздеген тұлға ол үшін арнайы ақша төлеп, өнер иесінің монтаждалған бейнесюжетін әлеуметтік желі арқылы таратқан.

 «Жанды дауыста айта алады ма өзі деп, мұқатумен отыратын кісілер, енді қоя салса екен деймін. Бүгін тегін концерт, барыңыздар деп алдыңғы постымды салсам, «жанды дауыста айта алады ма өзі» деп мұқата сұраған екен, жақсылап көріп алсыншы деп салып отырмын. Еш уайымдамаса екен, тағы кім бар еді. Жарайды атын айтпай-ақ қояйын, ішің білсін дей салайын көкелерін. Сосын Шымкентте ақша төлеп, монтаждап, барлық чаттарға таратуға тапсырыс берген кісіге айтарым: сіз құлатам деп жүргенде Алла сізді басқаша нокаут түсірмесін. Сынақтан сынып кетсек, баяғыда шытынап күл-талқан болар едік. Құдайдың көзі тура болсын! «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші бір-бірімізді бағалайықшы. Кір іздегенше, қолдан келсе, азғантай ғана қазақпыз, ауызбіршілігі бар ел болайық», – деп жазды Айдарбекова.

Қайрат Нұртасты жанды дауыста өнер көрсетпейді деп  сынаған жандар үшін продюсер инстаграм желісі арқылы арнайы бейнесюжет жариялады.

 

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі