Аида Сатыбалдинова үш жылдан кейін рингке қайта шығады

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 5 КО) 2019 жылдан бері алғаш рет кездесу өткізбекші, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Жекпе-жек 18 маусымда Коммерсте өтеді (АҚШ, Калифорния штаты). «Спарта ледиінің» қарсыласы алғашқыда америкалық Элизабет Туани (1-7, 0 КО) болуы тиіс еді, алайда енді BoxRec.com сайты Аиданың Гаити боксшысы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді. Айқас форматы - екі минуттан алты раунд. Сатыбалдинованың соңғы айқасы 2019 жылы 27 шілдеде Тихуанда (Мексика) өткен еді. Онда қазақстандық спортшы төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жергілікті боксшы Дайанне Гонсалестен (6-5-1, 3 КО) жеңіліп қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды