Аида Балаева журналист Александра Алеховаға шығарылған үкімге қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Александра Алеховаға шығарылған сот үкіміне пікір білдіріп, министрлік сот төрелігін іске асыру процесіне араласа алмайтынын мәлімдеді.

Facebook /@Александра Алехова

Астана, NEGE. Сондай-ақ Балаева апелляциялық сатыдағы соттың мән-жайды жан-жақты қарап, әділ шешім шығаратынына сенім білдірді. 

«Журналист Александра Алеховаға қатысты шығарылған сот үкіміне байланысты айтарым, министрліктің сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласуға құқығы жоқ. Осыған орай, апелляциялық сатыдағы соттың шешімін күткен жөн деп санаймын. Апелляциялық сот істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті қарап, заңды және әділ шешім қабылдайтынына сенімдімін», – деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі.

Айта кетейік, 3 тамызда журналист Александра Алеховаға жеке деректерді заңсыз таратты деген айып бойынша үкім шықты. Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оның орындалуын бес жылға, яғни 2031 жылға дейін кейінге қалдырды. Сонымен қатар Алеховаға үш жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл жөнінде журналист Жанна Байтелова хабарлады. Оның айтуынша, сот процесі жабық өтіп, БАҚ өкілдері сот залына кіргізілмеген.