Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

15 тамызда Шымкентте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қала тұрғындарымен кездесуі өтті.

gov.kz

Шымкент, NEGE. Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында министр ведомствоның негізгі жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Фото: gov.kz

Ашық диалог барысында Шымкент тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарын тыңдады.

Фото: gov.kz

Аида Балаеваның сапары БАҚ өкілдерімен өткен брифингпен қорытындыланды. Онда медиа, жастар саясаты және мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды