Айбек Смадияров: Украинадан эвакуациялау туралы 528 өтініш келіп түсті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ведомствоға эвакуациялау туралы 528 өтініш түскенін хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бүгін эвакуациялау туралы 528 өтініш келіп түсті. Алғашқы репатриациялық рейс 26 немесе 27 ақпанда жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Ел басшылығы біздің азаматтар үшін репатриациялық рейстерді тегін ұйымдастыру туралы шешім қабылдады», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.

Басқа да рейстер болатыны хабарланды.