AI: Ресей мен Асад режимі Сирияның солтүстік-батысында әскери қылмыс жасады
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы соңғы жылда Сирияның солтүстік-батысында Асад режимі мен Ресей тарапынан 18 шабуыл тіркелгенін айтып, мұны әскери қылмыс деп атады.
Алматы, NEGE. 10 мамырда құқық қорғау ұйымы жариялаған баяндамада жоғарыда аталған 18 шабуыл 2019 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Идлибтегі көтерілісшілерге қарсы күрес кезінде жасалғаны айтылған. Шабуыл кезінде медициналық мекемелер мен мектептер қираған.
Amnesty International уәжі бойынша, шабуыл кезінде халықаралық гуманитарлық құқықтардың талаптары бұзылған. "Бұл заң бұзушылық әскери қылмыс болып саналады" делінген баяндамада.
Халықаралық ұйым дәйегінше, биылғы жылдың қаңтар және ақпан айындағы шабуылдар кезінде оппозиция бақылауындағы елдімекендегі бейбіт тұрғындар зардап шеккен.
Құқық қорғаушылар дәйекті құжаттардың бәрін БҰҰ жанындағы Сирия мен Ресей үкіметіне жібергенін, бірақ 4 мамырдан бері жауап болмағанын айтады.